Тағайындау • 02 Тамыз, 2022

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

1060 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметіне Тұрғанбек Үсенбекұлы Оспанов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

Тұрғанбек Үсенбекұлы 1961 жылғы 2 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында дүниеге келген. 1982 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы – финанс және кредит. Еңбек жолын 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы №1 ЖМК «Қызылқұмкеңшарқұрылыс» тресінде құрылысшы болып бастаған.

1982 жылы Мақтаарал аудандық қаржы бөлімінде экономист, 1984 жылы Шардара ауданындағы ПМК-22 «Чардарастрой» басқармасының еңбек және жалақы бөлімінің бас инженері, 1988 жылы Сүткент совхозының комсомол комитетінің хатшысы, 1992 жылы Шардара аудандық мемлекеттік салық инспекциясының бас салық инспекторы, 1993-1998 жылдары Қаржы бақылау комитетінің бас бақылаушы-тексерушісі болып еңбек еткен.

1998-2003 жылдары Шардара аудандық мәслихаты тексеру комиссиясының төрағасы, 2006-2011 жылдар аралығында Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, 2003-2006 жылдары және 2011-2012 жылдары Шардара ауданы әкімінің орынбасары болды.

2012-2013 жылдары Шардара қаласының әкімі, 2013-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2018 жылдан қазірге дейін Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек етті.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20