Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Эквадор құрамасынан ұтылды. Ойын күнін ашқан Дамир Жалғасбай Тито Чавестен ұтылып қалды, есеп - 4:6, 2:6. Заңғар Нұрланұлы Лукас Юнескеге қарсы ойында 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетіп, матчта тепе-теңдікті қалпына келтірді. Шешуші үшінші жұптық ойында Заңғар Нұрланұлы мен Дамир Жалғасбай Эмилио Камачо/Тито Чавесты жеңе алмады, есеп - 3:6, 3:6.
Бүгін қазақстандық жасөспірімдер Аргентиналық құрдастарымен ойнайды.