Қоғам • 02 Тамыз, 2022

Қайырбек Өскенбаев еліміздегі ең нашар жолдарды атады

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстандағы ең нашар жолдардың қайда екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайырбек Өскенбаев еліміздегі ең нашар жолдарды атады

Биыл жергілікті жолдардың сапасына бақылау жүргізу барысында 9 мыңға жуық сынама алынды, олардың 2,5 мың сынамасы немесе 28%-ы талаптарға сәйкес келмеді.

Министрдің айтуынша, сәйкессіздік Шымкент, Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында табылды.

«Ескертулерге қарамастан, тапсырыс берушілер объектілерді пайдалануға қабылдауды жалғастыруда. Мұндай фактілер бойынша жекелеген өңірлерде қылмыстық істер қозғалды», деп атап өтті Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында.

Ақтөбе облысында сапа орталығының ескертулерінен кейін жолды сапасыз орындау және қабылдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өскенбаев бұл ретте қаржыландыруды тепе-тең бөлу мәселесі өткір тұрғанын атап өтті. Жекелеген салалар бұл талаптарды сақтамайды.

«Мысалы, Мемлекет басшысының жергілікті жолдарды дамыту туралы тапсырмасына қарамастан, Батыс Қазақстан облысында автожолдардың жағдайын жақсартудың төмен қарқыны байқалады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңір жолдарының нормативтік жағдайы 39%-ды құрады, орташа республикалық мәні 80%. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне осы жылы жолдарға 2,6 млрд теңге бөлінді, бұл барлық бюджеттің 10%-ын құрайды», деді Қайырбек Өскенбаев.

Индустрия министрлігінің басшысы Премьер-Министрге осы айдың соңына дейін автожол жобаларында сапа мен бақылауды күшейту жөніндегі ұсыныстарды жеке таныстыруға уәде берді.