Қоғам • 02 Тамыз, 2022

Әскерилерге қашықтан бақылайтын білезіктер тағылуы мүмкін

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әскерилер арасындағы суицидпен күресу үшін ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамына қашықтан бақылайтын білезіктер берілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскерилерге қашықтан бақылайтын білезіктер тағылуы мүмкін

«Біз қазақстандық ІТ-компанияларды тарттық. Олар әскери бөлімдерді бейнекамерамен жабдықтауға көмектесуі керек. Сондай-ақ жуықта қазақстандық бір кәсіпорын білезік технологиясын ұсынды. Ол білезік арқылы әр жауынгердің тамыр соғысын, жағдайын қадағалап отыруға болады. Орталық пункт арқылы мониторинг жасап, қай сарбаздың қай жерде жүргенін, жағдайы қалай екенін біліп отыруға болады. Сонымен бірге жан-жақты анализ арқылы суицидке бейім жауынгерлерді анықтай алатын ІТ-шешімдер бар», деді вице-министр.

Оның айтуынша, ІТ-тәсілдерді қолданудағы басты мақсат – жауынгерлердің бүкіл қозғалысын орталықтан бақылап отыру.

«Әскеридің тамыр соғысы мен орналасқан жерін көрсетіп тұратын білезіктер бар екенін айттым. Яғни, білезік ақпарат таратуын тоқтатса, датчигі қай тұста өшірілгенін біле аламыз. Командирлер сол тұсқа шұғыл барып, не болып жатқанын анықтай алады. Суицидке бейімділікті тексеретін психологиялық тесттер бар. Бүгінде осы шаралар қолға алынып жатыр», деді министрдің орынбасары.