Қоғам • 02 Тамыз, 2022

Әскерге тіркеу тәртібі өзгереді

3882 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскерге тіркеу тәртібі өзгереді

«Мемлекеттік базалармен интеграция жасау арқылы Әскери билет рәсімдеу процесінің көлемі 2-3 есе азаяды. Одан бөлек Әскери билетке дейін Әскерге тіркеу билеті деген бар. Келесі жылы сол тіркеу билетін мүлдем алып тастағымыз келіп отыр. Мысалы, қазір 17 жастағы әскер қатарына шақырылмаған азаматтар медициналық тексеруден өтеді. Содан кейін денсаулығына қарай қай әскери комиссариатқа тіркелгені айтылып, Тіркеу билеті беріледі. Бірақ келесі жылдан бастап осы процесті басқаша жасамақшымыз. Ондай ұғымның өзін алып тастаймыз. Әскерге тіркеу билеті деген болмайды», деді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша Әскерге тіркеу билетіне жазылып келген мәліметтерді енді әр болашақ сарбаз өзінің «жеке кабинетінен» көре алады.

«Әскерге шақырылушының жеке кабинетіне қандай комиссариатқа тіркелгені туралы қысқаша SMS келеді. 18-ге толғаннан кейін университетке барсаңыз, «Сіз жоғары білім алып жатқан мерзімде әскери міндеттен босатылдыңыз» деген қысқаша хабарлама келеді. Ал егер университетке бармасаңыз, қай комиссариатқа тіркелгеніңізді жеке кабинеттен көре аласыз. Келесі жылдан бастап осы өзгерістерді енгіземіз деген үміт бар», деді Дархан Ахмедиев.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25