Оқиға • 03 Тамыз, 2022

«Innova Gold» қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Innova Gold» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

«Innova Gold» қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Innova Gold» қаржы пирамидасының жолын кесті. Салымшылардың жалпы саны 1300-ден астам адам.

Қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталып жатыр. Ұйымдастырушыға қатысты «2 айға дейін қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды», делінген ведомство хабарламасында.

«Innova Gold» қызметінен зардап шеккен азаматтар Қаржы мониторингі агенттігінің сенім телефонына немесе аумақтық департаменттерге хабарласа алады.