Медицина • 03 Тамыз, 2022

Елордада есту қабілеті нашар 6 жасар балаға ота жасалды

525 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада №2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасының базасында кохлеарлық имплантация бойынша бірегей ота жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада есту қабілеті нашар 6 жасар балаға ота жасалды

«Ұлымның сырқатымен 4 жыл бойы күресіп келемін. Ұлыма 1 жас 8 ай кезінде суық тиіп, ЖРВИ-дан кейін «есту қабілетінің 4-дәрежелі төмендеуі» диагнозы қойылды. Бертін келе пайда болған сырқат туралы ғаламтордан ақпараттар қараймын, сұрастырамын, басқа елдегі аналармен сөйлесемін. Баласының сырқаты туралы айтпайтын, жасыратын аналар да бар. Олар қателеседі. Бұл мәселемен бөлісу керек, айту керек. Дәрігерлер бізге көмек көрсету тым кеш деп айтқанымен, мен қол қусырып отырмадым. Балалар ауруханасына портал арқылы келдік. Дәрігер Арман Әбілевпен кездескенімде, ол баланың талдауларын қарады, ең бастысы - мидың самай бөлігінің компьютерлік томографиясының қорытындысы екенін айтты. Ол үшін Егордың құлақ іші иірімінің ауытқусыз екеніне көз жеткізу де маңызды болды», дейді баланың анасы Е.Шлей.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы ШЖҚ-ындағы МКК оториноларингология бөлімінің меңгерушісі Арман Әбілевтің жетекшілігімен дәрігерлер бригадасы аймақтан келген 6 жасар балаға МӘМС жүйесінде бірегей ота жасады.

Айта кетсек, аурухананың оториноларингология бөлімі Нұр-Сұлтан қаласының балаларына тәулік бойы жоспарлы және шұғыл көмек көрсетеді және жақын маңдағы аудандарда тұратын балаларға шұғыл көмек көрсетеді.

Бөлім медициналық аппараттармен және медициналық құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталған. Ауруханада ЛОР аурулары кезіндегі шұғыл және жоспарлы оталардың негізгі түрлері, соның ішінде мұрынмаңы қуыстарына аз инвазивті оталар (FESS хирургиясы), кеңсіріктің қисаюын эндоскопиялық хирургиялық жолмен түзету, кеңсірік ісігін (полип), мұрын өзегінің жылауығы (киста) мен тамақ-көмей ісігін (аденоид) алу, тонзиллэктомия, есту қабілетін жақсарту оталары: барлық түрдегі тимпанопластика, ортаңғы құлақтың холестатомасына радикалды антромастоидэктомия, сондай-ақ кохлеарлық имплантация сияқты жоғары технологиялық медициналық қызметтер жасалады.