Қазақстан • 03 Тамыз, 2022

Транзиттік көліктерге дизель сараланған бағамен беріледі

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов транзиттік көліктер үшін дизель отыны сараланған бағамен берілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Транзиттік көліктерге дизель сараланған бағамен беріледі

«Үкімет отырысы барысында Мемлекет басшысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Біріншіден, транзиттік көлік үшін және шекара периметрі бойынша сараланған бағалар әзірлеу арқылы дизель отынының тапшылығын болдырмау міндеті қойылды. Шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасында күніне 4,5 мыңға жуық жүк көлігі кіреді, оның 70 пайызы - шетелдік көлік. Республикадағы жаңар-жағармай құю станцияларындағы төмен бағалар орташа айлық тұтынудың шамамен 120 мың тоннаға өсуіне алып келеді», деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Министрдің атап өтуінше, Энергетика министрлігі дизель отынына сараланған бағаларды көздейтін бұйрық жобасын әзірлеген.

«Бағалар резиденттікке, тұтыну көлеміне және көлік түріне байланысты сараланады. Осы бағыттағы жұмыс мүдделі мемлекеттік органдармен және тараптармен жалғасады», деді Болат Ақшолақов.