Қаржы • 03 Тамыз, 2022

Қор нарығында доллар қымбаттады

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қор нарығында доллар қымбаттады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,62 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 476,27 теңге.

Ұлттық банктің 3 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 475,79 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 475 теңге, сатып алу – 480 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 475 теңгеден болса, сатып алу құны – 478 теңге.

Ресей рублі 7,25 - 7,75 теңге аралығында саудаланып жатыр.