Қоғам • 03 Тамыз, 2022

Шымкентте 2 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте екі жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Қалалық балалар ауруханасына жеткізілген ол ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте 2 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін сағат 14:00 шамасында «Тұран» шағынауданында болған. Бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан құлаған бүлдіршін үлкендердің қарауынсыз қалғаны белгілі болды. Қазір ол ауруханада жатыр.

«Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайды. Жыл басынан бері Шымкент қаласында балалардың терезеден құлау жағдайы 4-ші рет тіркеліп отыр. Барлық жағдайда балалар ата-аналарының қарауынсыз қалған», делінген хабарламада.