Теннис • 04 Тамыз, 2022

Анна Данилина Германияда жеңіліп қалды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Германияның Хехинген қаласында өткен жекелей разряд турнирінде дебют жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Анна Данилина Германияда жеңіліп қалды

Америкалық теннисші Кьяра Шолльмен өткен матчта Данилина 2:6, 3:6 есебімен екі сетте жеңіліп қалды.

Кездесу бір сағат бес минутқа созылды. Дода топырақ үстінде ITF сериялы неміс турнирінің 1/16 финалында өтті.

Қазақстандық жеке разрядта WTA рейтингінде 357-ші орында және жұптық разрядта 19-шы орында тұр. Бұл қазақстандықтар арасындағы үздік көрсеткіш.