Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, көлік ішінде болған Қазақстан азаматы мен испан ұлтының екі өкілі ұсталды.
«Көлікті тінту барысында жүк салу бөлігінен 2 дана Сібір таутекелерінің басы терісімен және екі қапқа салынған салмағы 60-62 кг еті, сондай-ақ шет ел азаматтарына тиесілі екі қару - Mannlicher, Блейзер тәркіленді», деп жазды ведомстводан.
Аталған факті бойынша іс тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Жетісу облысы Алакөл аудандық полиция бөліміне жіберілді.