Аймақтар • 04 Тамыз, 2022

Алматыда «Южный» саябағының жері мемлекетке қайтарылады

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тұрғындарының өтініші бойынша «Южный» саябағындағы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылатын болды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда «Южный» саябағының жері мемлекетке қайтарылады

«Биыл 19 сәуір күні Алматы қаласының әкімдігі осы учаскені алып қою туралы қаулы қабылдады, бірақ иесі өтемақы сомасымен келіспеді. Сондықтан әкімдік экономикалық сотқа мемлекеттік мүлік үшін жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз түсірді. Оң шешім қабылданған жағдайда «Южный» паркінің аумағы 2,8 гектарға ұлғаяды», деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар ол Алматы қаласы әкімдігінің Жароков – Левитан көшесіндегі ауданы 30 сотық жер учаскесін алып қою туралы қаулы қабылданғанын атап өтті.

«Бұл аумақта 2023 жылдың қазан айына дейін аудан тұрғындарының бос уақыты мен демалысы үшін спорттық, балалар және workout алаңдары ашылады», деді қала әкімі.