Аймақтар • 04 Тамыз, 2022

Алматыда «Атакент» аумағы қайта жаңғыртылады

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы мегаполис басшысы Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда «Атакент» аумағы қайта жаңғыртылады

Ерболат Досевтың айтуынша, 2023 жылы Алматы әкімдігі «Атакент» аумағын қалпына келтіру және абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.

- «Атакент» мәселесіне келер болсақ, белгілі бір уақыт иесіз қалған жерлерімізді коммуналдық меншікке қабылдадық. «Атакентті» қалпына келтіруге, оны қосымша абаттандыруға жеке жоба дайындалып жатыр. Келесі жылдан бастап бұл аумақты жаңғырту мен реконструкциялауды бастаймыз, - деді Ерболат Досаев.