Аймақтар • 04 Тамыз, 2022

Алматыда ірі көше уақытша жабылады

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық мобильділік басқармасы Розыбакиев көшесіндегі қозғалысты уақытша тоқтату туралы хабар таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ірі көше уақытша жабылады

Хабар қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің Telegram-каналында жарияланды.

«Жөндеу жұмыстарына байланысты 4 тамыз сағат 23:00-ден 5 тамыз сағат 6:00-ге дейін Розыбакиев көшесі - Левитан көшесінен Байқадамов көшесіне дейін қозғалыс тоқтатылады. 5 тамызда сағат 23:00-ден 6 тамызда сағат 6:00-ге дейін Байқадамов көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс шектеледі», делінген ақпаратта.