Оқиға • 04 Тамыз, 2022

Алматы облысында велосипедшіні көлік қағып кетті

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында 51 жастағы велосипедшіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында велосипедшіні көлік қағып кетті

«2 тамыз күні түнгі сағат 22:50-де велосипед мінген адамды көлік қағып, мерт қылды. Оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 19-шы шақырымында болған. Мазда көлігінің 49 жастағы тұрғыны белгіленбеген жерден велосипедпен өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Қазір аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тергеліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды», делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, көз жұмған азамат Іле ауданының тұрғыны болған.

 

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19