Экономика • 04 Тамыз, 2022

Доллар қымбаттады

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар қымбаттады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,11 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 476,18 теңге.

Ұлттық банктің 4 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476,27 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 475 теңге, сатып алу – 479 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 473,5 теңгеден болса, сатып алу – 477,5 теңге. Ресей рублі 7,35 - 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.