Қоғам • 04 Тамыз, 2022

Мүгедектігі бар адамдардың құқығы бұзылған

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мүгедектігі бар адамдардың құқығы бұзылған

«Қостанай облысында прокуратураның араласуынан кейін психоневрологиялық интернатта тұратын мүгедектігі бар адамға тиесілі пәтерге үшінші тұлғаның меншік құқығын тану туралы сот шешімінің күші жойылды. Алматы қаласының прокуратурасы «Жанұя» мамандандырылған кешенінің 23 тәрбиеленушісіне асыраушысынан айрылу және мүгедектігі бойынша жәрдемақы осындай төлемдерге құқық алған сәттен бастап 5-10 жылдан кейін тағайындалғанын анықтады. Қадағалау актісі бойынша кінәлі тұлғалар есебінен балаларға 10,6 млн теңге өтелді. Ақтөбе облысының прокурорлары мүгедектігі бар 40 студентке мемлекеттік стипендия төлеуді қамтамасыз етті», делінген хабарламада.

Жалпы, прокуратура органдарының тексеру нәтижелері негізінде осы салада 12 сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Мысалы, Қызылорда облысында әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өздерінің дәрменсіз қамқоршыларының дербес және биометриялық деректерін пайдалана отырып, өздеріне ақша қаражаттарын, зейнетақылар мен жәрдемақыларды аударды. Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», делінген хабаламада.

Тексеру нәтижесінде барлығы 336 қадағалау актісі енгізілді, 130 тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 65 тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 2 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті жерлердегі уәкілетті органдар прокурорлар анықтаған заң бұзушылықтарды жою және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін тиісті шаралар қабылдауға кірісті.