Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Ким Андрей Витальевич Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Андрей Ким 1979 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін эколог мамандығы бойынша, «Фемида» заң институтын заңгер мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы Қарағанды мемлекеттік орман және аңдар әлемін қорғау мекемесінің жетекші маманы болып бастады.
2003-2022 жылдар аралығында «ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-де бас маманнан басшылық қызметіне дейінгі қызметтерді атқарды.
Андрей Ким Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Экология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:22
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Бүгін, 15:45
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 15:20
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт құбылуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Бүгін, 14:10