Коронавирус • 04 Тамыз, 2022

Елімізде 423 бала коронавируспен ауырып жатыр

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде жыл басынан бері 6000 бала коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 423 бала коронавируспен ауырып жатыр

«Жыл басынан бері коронавируспен 6 мыңнан астам бала ауырды. Қазіргі таңда ауруханаларда 423 бала емделіп жатыр. Әрбір баланың денсаулығын министрліктің деңгейінде қарап отырамыз. Жедел штабымыз бар екенін, балалардың денсаулығы үнемі қаралып отыратынын айтқан болатынмын», деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол аталған балалардың сырқатты қалай өткеріп жатқанына тоқталды.

«Қазір ауырып жатқан балалардың 21 пайызы жеңіл, 77 пайызы орташа, 0,7 пайызы ауыр өткеріп жатыр. Яғни, қазір 3 бала реанимацияда жатыр. Ол балалардың денсаулығын дәрігерлер, соның ішінде республикалық деңгейдегі мамандар емдеуге араласып отыр», деді министр.