Дүкенде ойыншықтардың қауіпсіздігін растайтын құжаттарды сұрайсыз ба? Мамандар осы сұрақты маңызға алды. Сауалдамаға барлығы 40 респондент қатысты. Оның қорытындысы бойынша тұтынушылардың 89%-ы ойыншықтарды таңбалауға назар аудармайтыны белгілі болды.
«Сіз ойыншық сатып алғанда алдымен неге назар аударасыз?» деген сұраққа 72,5% тұрғын – тауар сапасына, 26,5% – өндіріс еліне, 42% – бағасына және респонденттердің тек 11%-ы тауардың таңбалануына назар аударатынын айтты. Сонымен қатар респонденттердің 73%-ы баға – ойыншықтарды сатып алу кезінде шешім қабылдауға әсер ететін маңызды факт екеніні атап өтті.
«Сіз ойыншық сатып алған кезде ойыншықтың таңбасындағы ақпаратты оқисыз ба?» деген сұраққа респонденттердің тек 47%-ы «Иә» деп жауап берді.
Сондай-ақ тұтынушылардың 75%-ы сатушылардан ойыншықтардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды сұрамайтыны белгілі болды. Тиісінше, сұралғандардың 53%-ы Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін білмейді.
Айта кетейік, сауалдама жүргізілгеннен кейін тұрғындарға ойыншықтарды таңбалауға қойылатын талаптарды түсіндіретін парақшалар табыс етілді. Өйткені бұл – балаларыңызға бақытты және қауіпсіз балалық шақты қамтамасыз ететін ең құнды ақпарат.
Жетісу облысы