Футбол • 05 Тамыз, 2022

«Қызылжар» кипрлік АПОЭЛ командасынан жеңіліп қалды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конференция лигасының 3-іріктеу кезеңіндегі матчта «Қызылжар» кипрлік АПОЭЛ командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қызылжар» кипрлік АПОЭЛ командасынан жеңіліп қалды

Ойындағы жалғыз гол 27-минутта соғылды. Эфремнің «Қызылжар» қақпашысының төбесінен асыра салған добы кездесудің тағдырын шешіп берді. Бұдан кейін де алаң қожайындары қайта-қайта шабуыл жасағанымен есепті өзгерте алмады. Ал қазақстандық клубтың футболшылары қарсыластың қақпасына қарай жақындай алмай-ақ қойды. Алда әлі жауапты кездесу бар. Іріктеуден кімнің өтетіні Нұр-Сұлтанда болатын матч кезінде шешіледі.