Қоғам • 05 Тамыз, 2022

Егін жинауға жеңілдікпен берілген дизель қайта сатылып кеткен

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы мониторингі агенттігі егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын қайта сату фактілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Егін жинауға жеңілдікпен берілген дизель қайта сатылып кеткен

Агенттік жанар-жағармайға қатысты алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында барлық өңірде жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр.

«Бүгінде жалған жүк жөнелтілім құжаттарын қолданып, мұнай өнімдерінің өзге атауын көрсете отырып жанар-жағармай материалдарын экспорттау фактілері анықталды. Кейбір жағдайларда алақол кәсіпкерлер егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын қайта сатумен айналысқан», делінген баспасөз мәліметінде.

Агенттік жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерлерге заңсыз сату немесе әкету фактілері туралы, уәкілетті органдар мен ұйымдардың қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне немесе оның аумақтық департаменттеріне тәулік бойы істейтін сенім телефондарына хабарлауды сұрайды.