Теннис • 06 Тамыз, 2022

Теннистен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында қола жүлдеге таласады

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Простеев қаласында (Чехия) 14 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының (2022 ITF World Junior Tennis Finals) жартылай финалында Германиямен шеберлік байқасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теннистен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында қола жүлдеге таласады

Германиялықтар біріншіліктің екінші ракеткасы болып тіркелген. Алдымен Даниэль Тазабеков германиялық Диего-Дебуро Паломероға есе жіберді. Есеп – 4:6, 1:6. Содан кейін тартысты матчта Заңғар Нұрланұлы Еуропа жасөспірімдер рейтингісінде төртінші орында тұрған Нильс Макдональдтан айласын асыра алмады. Есеп – 4:6, 5:7. Жұптық ойында Дамир Жалғасбай мен Даниэль Тазабеков қарсыластарын жеңіп, қоржынға бір ұпай әкелді.

Осылайша, Германия құрамасы финалға шықты да, қазақстандықтар ертең қола жүлде үшін АҚШ құрама командасымен кездесетін болды.