6 тамызда сағат 23.00-ден 7 тамыз сағат 7.00-ге дейін Бөкейханов көшесі Рысқұлов даңғылынан Серіков көшесіне дейін жол толық жабылады. Жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Сондай-ақ 7 тамызда сағат 23:00-ден 8 тамыз сағат 6:00-ге дейін бетон жабын төселуіне байланысты Розыбакиев көшесі Березовский көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі жол қозғалысы толық жабылады», деді Алматы қалалық мобильділік басқармасы қызметкері.