«Елдегі криминогендік жағдайға тоқталсақ, бір апта ішінде 3 397 қылмыс жасалды. Оның 1 986-ы тәулік ішінде ашылды», деді Ш. Тұрлыбек онлайн брифингі кезінде.
Оның айтуынша, полиция қызметкерлері ізін суытпай жеті кісі өлтіру қылмысын, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысын, бір қарақшылық, сондай-ақ 34 тонау және 539 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты.