Аймақтар • 08 Тамыз, 2022

Алматы әкімі автобуста әйелді құтқарған жігітті марапаттады

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Ерболат Досаев әйелді автобуста күш көрсетуден құтқарып қалған Райымбек Медетбекпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімі автобуста әйелді құтқарған жігітті марапаттады

Алматы әкімі оған ерлігі, батылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтты, сонымен қатар Алғыс хат пен бағалы сыйлықты табыс етті.

23 жастағы Райымбек Медетбек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ жұмыс істейді.

Жұмыс барысында өзін теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар жауапты және бастамашыл маман ретінде жақсы жағынан көрсетіп жүрген жігіт.

Еске сала кетейік, Алматыда ер адам автобуста әйелге пышақ салған болатын. Райымбек Медетбек пен куәгерлердің жедел әрекеттерінің арқасында күш көрсетуші залалсыздандырылып, әйелдің өмірін сақтап қалды.