Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың іріктеу сатысында 14 жастағы өскемендік Мәлика Әмірғалиева тамаша өнер көрсетті.
Мәлика WTA рейтингісінде жоқтығына қарамастан, іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 1990-ракеткасы, ресейлік 18 жастағы Николь Мишиеваны 6:1, 6:4 есебімен ұтып кетті. Сөйтіп негізгі турнирге жолдама алды.
Осылайша, Kazzinc Open жарысында бес бірдей қазақстандық спортшы, атап айтқанда, Жібек Құламбаева, Гөзал Айнитдинова, Мария Синицына (уайлд кард), Татьяна Николенко (уайлд кард) және Мәлика Әмірғалиева бақ сынайды.