Қазақстан • 08 Тамыз, 2022

Киберфутболдан Қазақстан құрамасы FIFAe рейтингінде жоғарылады

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Киберфутболдан Қазақстан құрамасы FIFAe рейтингінде жоғарылады

«Біздің киберфутболшылар Данияда өткен FIFAe Nations Cup турнирінен кейін 43-орыннан 30-сатыға дейін көтерілді», деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Копенгагенде өткен FIFAe Nations Cup 2022 жарысында финалдық кезеңге дейін жеткен болатын. 

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов пен ҚР киберспорт федерациясының басшысы Қуанышбек Есекеев ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойғаны жайлы жазғанбыз.

Меморандум аясында ынтымақтастық бұқаралық шараларды ұйымдастыру арқылы футбол мен киберспортты дамыту бойынша ортақ бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстарын жолға қоюға бағытталған.