Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті ҚР қылмыстық кодексі 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
«Прокуратураның келісімімен, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады», деп хабарлады полициядан.
Айта кетейік, бүгін Алматы әкімі әйелді құтқарған Райымбек Медетбекті марапаттады.