Қоғам • 09 Тамыз, 2022

Жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін қалыптастыратын оқулық әзірленді

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында мұғалімдерге арналған экологиялық оқу құралы шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін қалыптастыратын оқулық әзірленді

Қазақстанның экологиялық қоры «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Жасөспірімдер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру» атты әдістемелік құралын әзірледі.

«Басылымда экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша сабақтан тыс іс-шаралар бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін материалдар бар. Оқу құралының материалдарына отандық және шетелдік ғалымдар мен практик-педагогтердің танымал әдістемелері де енгізілген», деді «Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ басшысы Айгүл Абдуалиева.

Оқулықтың авторы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Жанат Базарбекова.

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, оқу құралы жалпы білім беру мекемелерінің педагогтеріне, сондай-ақ халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға мүдделі барлық тұлғаларға пайдасын тигізеді.

«Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.