Қоғам • 09 Тамыз, 2022

Шымкентте есірткі саудалаған бойжеткен 7 жылға сотталды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты есірткі сатумен айналысқан 27 жастағы азаматшаға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте есірткі саудалаған бойжеткен 7 жылға сотталды

Күдікті синтетикалық есірткі затын өткізумен айналысқаны үшін кінәлі деп танылды. Өткен жылдың маусым айында 27 жастағы азаматша «пирролидиновалерофенон» (α-PVP) есірткі затын полиэтилен пакетке салып, 11 000 (он бір мың) теңгеден сатып жүрген жерінен ұсталған болатын.

Бұл дерек бойынша, ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі бойынша (ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізуге) қылмыстық іс қозғалды. Кейіннен іс сотқа жолданып, оның барысында аталған азаматшаның кінәсі толығымен дәлелденді.

«Күдікті бұған дейін Түркістан облысы Сайрам аудандық сотымен ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен 3 жыл 6 ай мерзімге сотталғаны ескеріліп, осы үкіммен тағайындалған жазаға ішінара қосу арқылы түпкілікті 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.