Оқиға • 09 Тамыз, 2022

Маңғыстауда электр энергиясын ұрлағандар сотталды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда электр жабдықтаушы ұйымның 9 басшылық қызметкері есептеу құралдарынан электр энергиясын ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Маңғыстауда электр энергиясын ұрлағандар сотталды

Сот бұл істі алдын ала сөз байласу арқылы бопсалаушылық, салық төлеуден жалтару, топтасып рейдерлік әрекет жасау, лауазымдық өкілетті теріс пайдалану бойынша қараған.

«9 лауазымды тұлға «СКЗ», «Батыр», «Приозерный», «Рахат» қосалқы станцияларындағы есептеу құралдарынан рұқсатсыз электр энергиясын ұрлаған. Осылайша «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-на және «МРЭК» АҚ-ға аса ірі мөлшерде залал келтірген. Айыптаудың кейбір баптары бойынша сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың, өздерінің айғақтарымен, заттай дәлелдермен және басқа да материалдармен дәлелденді. Кейбір баптар бойынша сотталушылар олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының болмауына байланысты ақталды. Прокурор барлық сотталушыларды кінәлі деп тануды және жаза тағайындауды сұрады», деді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот электр энергиясын ұрлаушы топтың 6 мүшесіне ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ екеуін 7 жылға, біреуін 6 жылға соттады.