Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Жібек Құламбаева жекелей сында өзінің алғашқы кездесуінде ресейлік Дарья Зелинскаяны 6:1, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Мария Синицына тағы бір ресейлік Мария Ткачеваға 2:6, 0:6 есебімен жол бергенімен, Өскемен теннис мектебінің түлегі, 14 жастағы Мәлика Әмірғалиева өз жанкүйерлерін қуанта алды. Бұған дейін ол жекелей сында негізгі турнирге өткен еді. Бүгін жұптық сында қырғызстандық, 16 жастағы Владислава Андреевскаямен бірге сағат жарым уақыт ішінде тәжірибелі, израильдік Сапир Коэн – ресейлік Эдда Мамедованы 7:5, 7:5 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Тағы бір қазақстандық Гөзал Айнитдинова ресейлік Анна Кубаревамен бірге ширек финалға өтті. Олар грузиялық Зозя Кардава – ресейлік Арина Соломатинадан айласын асырды – 7:5, 6:2.