07 Мамыр, 2014

Қаржы тартудың төте жолы

337 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

0001-266Инвестициялар – істі ілгері бастыру кепілі

Үкіметтің соңғы өткен отырысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының бірқатар шешуші тақырып­­­тарына арналды. Олардың қатарында инвестиция тарту, жекешелендіру, мүлікті заңдастыру және зейнетақы реформасы сияқты мәселелер бар. Инвестициялық саясатқа келер болсақ, ол – бүгінде елдің экономикалық дамуындағы, оның ішінде «Қа­зақстан-2050» Стратегиясында атап өтілген өнер­кәсіпті дамыту ісіндегі Үкіметтің ең шешуші міндеттерінің бірі. Бүкіл әлемде орын алған дағдарысқа байланысты дамушы елдерден капиталдың кері қайтуы орын алып отырған жағдайда бұл оңай жұмыс емес. Мәселен, 2007 жылы тікелей шетел инвестицияларының жалпы жаһандық ағыны 2 триллион АҚШ долларын құраса, 2012 жылы оның деңгейі 1,3 триллион АҚШ доллары көлемінде белгіленді. Соңғы жылдары жаһандық жобалардың 22 пайыздан астамына тікелей шетел инвестицияларын тартқан БРИК елдерінің үлесі 17,6 пайызға дейін төмендеді. Тікелей шетел инвестициялары жобаларының саны Қытай мен Ресейде 2012 жылы соңғы онжылдықтар ішіндегі ең төменгі деңгейде болды. Қазақстанға 2005 жылдан 184 миллиард АҚШ долларынан астам жалпы шетелдік тікелей инвестициялар тартылды, бұл бүкіл шетелдік тікелей инвестициялардың 55 пайызын (102 млрд. АҚШ доллары) құрайды. ҮИИДБ-ны жүзеге асыру жылдарында өңдеу өнер­кәсібіне тартылған тікелей шетел инвести­цияларының өсуі орын алып, ол 2005 жылдан кейін өңдеу өнеркәсібіне тартылған бүкіл шетелдік тікелей инвестициялардың 70 пайызын (14,1 млрд. АҚШ доллары) құрады. Халықаралық бағалау бойынша, ҮИИДБ-ны жүзеге асыру кезеңінде Қазақстанның бірқатар көрсеткіштері өсім көрсетті. Мәселен, Дүниежүзілік банктің «Бизнесті жүргізу жеңілдігі» бойынша 2013 жылғы рейтингте Қа­зақстан 50-ші орын алса, Бүкіләлемдік экономикалық форум­ның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есе­біне сәйкес Қазақстан Инвесторлар құқықтарын қорғау көрсеткіші бойынша 10-шы орынды және Бәсекеге қабі­леттілік рейтингі бойынша 50-ші орынды иеленді. БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конферен­циясының мәліметтері бойынша, тартылған тікелей шетел инвестицияларының көлемі жағынан  Қазақстан 2012 жылы озық 20 елдің ішінде 19-шы орын алды. Дегенмен, алға қойылған міндеттер инвестициялардың жаңа легін тартуға жағдай туғызатындай шаралар қабылдауды талап етіп отыр.

Қаржы тартудың төте жолы 

Қызылордада ІІІ «Байқоңыр» инвестициялық форумы өтті. Форумның алғашқы бөлігі «Қорқыт ата» мемориалдық кешені мен Байқоңыр қаласынан бастау алды. Елбасының тапсырмасымен Байқоңыр ғарыш айлағы ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесінде көрсетілетін нысандардың қатарына кіргені белгілі. Сондықтан форум қонақтары облыстағы туризм саласын, әсіресе, Байқоңыр брендін дамыту мәселесін кеңінен талқылады. Мұнан басқа, мәртебелі меймандар түрік халықтарының түгеліне аңыз болған Қорқыт атаға қойылған зәулім ескерткішке арнайы атбасын бұрды. Бұған қоса, меймандар назарына биылғы жылдың басында ашылған Қорқыт ата атындағы Зиярат ету орталығы ұсынылды. Туристерге осы заманғы талапқа сай барлық қызмет көрсетуге арналып салынған орталық жұмысы таныстырылып, жақсы жарнама жасалды.   рис   Ал ІІІ «Байқоңыр» инвести­циялық форумының екінші күні «Бастау» бизнес орталығында өтті. Алдымен форумға қатысу­шылар Қызылорда облысының инвестициялық мүмкіндіктері туралы көрмені тамашалады. Көр­ме­ге ЭКСПО-2017, «Фрак­д­жет», «Жан­рос-Дрил­линг», «Нефть-ТехСервис», «Арал­тұз» ком­па­ния­ларының өнімдері қойыл­ған. Арнайы стенд арқы­лы Қы­зыл­орда қаласы мен аудандар­дағы өнді­рістік аймақтар таныстырылды. Пленарлық мәжілісті облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ашып, Сыр өңірінің инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндама жасады. Қызылорда облысы – инвестициялық тартымдылығы жө­нінен алдыңғы қатардағы ай­мақ­тардың бірі. Елімізде биз­нес­ті жүр­гізу мен кәсіпкерлікті қол­дау­ға барлық жағдай жасалған. Об­лыс­тың 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясында металлургиялық кластерді, мұнай-газ секторын, өңдеу өнеркәсібін, құрылысты, ауылшаруашылық кешенін, көлік және туризмді дамыту басты бағыт болып белгіленген. Жыл сайын кем дегенде 8 000 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бүгінде біздің аймақ өңірлік экономикаға тартылған инвестиция қарқыны жөнінен жетекші орынға орналасты. Өткен жылы экономикаға 370 миллиард теңгеден астам инвестиция құйылған. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 40 пайыз жоғары. Аймақта мұнай мен газдың, қорғасын мен мырыштың, алтын мен молибденнің, цирконий мен титанның қоры бар. Ванадий қоры бойынша әлемдегі бестікке енеді. Сарапшылардың бағалауына қарағанда, облыс осы элементке әлемдік сұраныстың 25 пайызын қамтамасыз ете алады. Өңдеу өнеркәсібінің 93 пайызы мұнай және уран өндірісін құрайды. Алдағы жылдары қазақ­стандық уранның ауқымды бөлігі біздің өңірде өндірілмек. Кеніш­тердегі шикізат қорының түгесіле бастауына орай өңдеу өнеркәсібін дамытуға басымдық берілуде. Агроөнеркәсіп кешенін өркен­дету басты бағыттардың бірі саналады. Өткен жылы саланы қолдауға 5,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл алдың­ғы жылмен салыстырғанда 45 пайызға ұлғайған. Шағын несие­леуге республикалық бюд­­­жет­­тен қыруар қаражат алынды. Сон­дықтан ауылдағы кәсіп­­кер­ліктің өркендеуіне жол ашылып отыр. Инвестициялық жобаларды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету де басты назарда. Қызылорда қаласында 760 гектар аумаққа индустриялық аймақ орналасты. Мұндай аймақтар барлық аудандарда құрылуда. Индустриялық аймақты инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылым нысандары құрылысына қаржы бөлінді. Индустрияландыру картасы бойынша жүзеге асқан 24 жобаның 13-і жоспарланған қуаттылығымен жұмыс істеп тұр. Автокөліктің ескі доңғалақтарын өңдеу зауыты ашылып, онда бақша суаруға арналған құбыр шығарылуда. «Жасыл экономика» қағидаларына толық жау­ап беретін мұндай зауыт әзірге бізде ғана. Маусым айында шыны зауытының құрылысы басталады. Оған көршілес полимер құбырлар шығаратын зауыт қоныс теппек. Қызылорда облысының көлік инфрақұрылымы мен логис­тика­лық мүмкіндіктерін оның бас­ты артықшылығы ретінде атап айтуға болады. Бүкіл облыс аума­ғынан Сырдария өзені, темір­жол, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралі өтеді. Халық­тың 93 пайызы тұратын елді мекен­дердің 85 пайызы осы жолдардың бойында орналасқан. «Жезқазған – Сексеуіл – Бейнеу» теміржо­лы­­­ның, алдағы жылы құрылы­сын аяқ­тау жоспарланған Қор­қыт ата әуежайының жолау­­шылар терми­налының мүмкіндік­те­рін пайдалануға болады. Аймақты дамытудың басым бағыты Байқоңыр қаласымен тікелей байланысты. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің нысаны болғандықтан Байқоңыр қаласына қатысты үлкен жобалар жүзеге аспақ. Бүгінде өндірістік кәсіп­орын­дарға қажетті мамандарды дайындау қолға алынды. Еліміз­дің және Ресейдің жетекші оқу орындарымен келіссөздер жасалып, меморандумға қол қойылды. Облыс басшысы сөзінің қорытындысында «Байқоңыр» инвестициялық форумы инвестициялау мәселелерін талқылайтын, ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа жол ашатын үнқатысу алаңы болатынына сенім білдірді. Одан әрі Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев минералды шикізат кешеніндегі Қызылорда облысының мүмкіндіктері туралы айтты. Бүгінде Байқоңыр «Гугл» іздеу торабынан ең көп сұралатын Хеопс пирамидалары мен Ниагара сарқырамасы сияқты ондықтың қатарына енген. Қызылорда облысында минералды шикізат қоры жеткілікті. Еліміз бойынша ванадидің 66 пайызы, мырыштың 16 пайызы, уранның 14 пайызы, алтын, күміс, қорғасынның, мұнай мен газдың 11 пайызы осында. Тағы бір айта кететін жайт, облыс аумағында бүгінгі нарықта сұранысқа ие пайдалы қазбалар бар. Мәжілісте «Жер қойнауын пайдалану туралы» заң жобасы талқылануда. Онда инвестициялық тартымдылықты арттырудың жолдары да нақтылануда. Сондай-ақ, вице-министр өңірде барланбаған мұнай және газ қоры бар екенін айтты. Форум қатысушыларын өңірге инвестиция салуға шақырып, министрлік тарапынан қолдау болатынын жеткізді. Еліміздегі АҚШ диплома­тиялық миссиясы басшысының орынбасары Майкл Клечески екі ел арасындағы білім, ғылым және бизнес саласындағы ынты­мақтастықты өркендетуді мақсат тұтатынын атап өтті. Әсіресе, тіл үйренудегі қалыптасқан екіжақты қарым-қатынасты жоғары баға­лады. АҚШ-та оқуға талпынған жастардың талабын шыңдау үшін елшілік пен консулдық көрмелер ұйымдастырып тұрады. Дипломат өз сөзінде қазақстандық бизнестің дамуына америкалық іскерлік топтардың да қызығушылығы жоғары екеніне тоқталды. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ басқарма төрағасы Әбдікәрім Зейнуллин аймақта жүзеге асыруға болатын бірнеше жобаларды атап өтті. Холдинг бұған дейін еліміздегі ірі компаниялар өндіріске енгізген бірнеше ғылыми-техникалық бағдарлама жасаған. Олардың қатарында энергоавтономды, қалдықсыз және экологиялық таза металлургиялық кремний өндірудің тәжірибелік-өндірістік алаңын, мұнай кеніштеріндегі көмірсутек газын тазалау және жағу кешенін айтуға болады. Басқарма төрағасының айтуынша, әлемде және отандық тәжірибеде газды тазалау мен жағудың мұндай технологиясы жоқ. Сондай-ақ, оның өзіндік құны дәстүрлі әдіспен алынған өнімге қарағанда бірнеше есе төмен. Баяндамашы Сыр өңіріндегі жел мен күн энергиясын, оған қоса емдік минералды су қорын пайдаланудың тиімділігіне тоқталды. Еуропа Қайта құру және Даму банкінің Қазақстан бойынша директоры Джанет Хэкман біздің аймаққа бұған дейін де автобус паркі құрылысы және су жүйелерін жаңғырту жобаларына байланыс­ты келісімдерге қол қоюға келген болатын. Бұл жолы банк аймақты жылумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуға қатысты жобаға қаржы салмақ. Осы форум барысында облыс әкімі Қ.Көшербаев пен Д.Хэкман Қызылорда қаласының жылу желілерін жаңғыртуды қаржыландыру туралы алдын ала келісімге қол қойды. Еуразия ұлттық университеті инновациялық паркінің директоры Владимир Ким аз ғана уақытта өзін өзі ақтайтын бірнеше жоба ұсынды. Мәселен, күріш қалдығынан орам қағаздарын шығару, кремний карбидін өңдеу, күн жылу электр стансасын салу. Күріш қалдығын өртегенше, одан құрғақ құрылыс заттарына арналған қапшықтар шығарудың тиімділігі жоғары. Алдағы уақытта зауыт құрылысы басталады. Инновациялық парк ұсынған жобалар болашақта қалыптасатын металлургиялық кластердің игілігіне жұмыс істейді. Инвестициялық форумда бұдан да өзге өңірдің өндірісін өркендетуге қатысты бірнеше жобалар ұсынылды. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». Қызылорда облысы.