Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі мәліметінше, 9 тамызда сағат 20.55 шамасында қатты жел соғып, дауыл тұрған. Нәтижесінде шатырлар қираған.
Баспасөз қызметі дауыл кезіндегі кадрларды ұсынды.
Еске салайық, Алматы облысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза болғаны хабарланған болатын.
Айта кетейік, 9 тамызда қатты дауыл көтеріліп, жел салдарынан сарбаздар орналасқан шатыр қалашығы бүліне бастаған. Қатардағы А.Н. Шахимов әріптестерінің қауіпсіз орынға шығуына көмектесіп жүріп, басына шатырдың темір жақтауы тиіп жарақат алған. Ол ауруханаға жеткізілгенде қаза болды.