Аймақтар • 10 Тамыз, 2022

Алматы тауларында адасқан шетел азаматы табылды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Чимбулачка» шыңында адасып кеткен ағылшын азаматы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы тауларында адасқан шетел азаматы табылды

Алматы қаласының құтқару қызметі хабарлағандай, 9 тамыз күні сағат 21:08-де төтенше жағдайлар департаментінен «Чимбулачка» шыңынан түсіп бара жатқан кезінде 1979 жылы туған ұлыбританиялық Макогон Романның адасып кеткені туралы хабарлама түскен.

«Іздестіру жұмысына «Тұйық су» лагерінен экипаж жолға шығады. Сағат 22:44-те құтқарушылар адасқан адаммен визуалды байланыс орнатқан (ол таудың арғы жағында болды). Екі жақ кездесу орнына дейін қозғалысты жалғастырған. Сағат 00:30-да құтқарушылар адасып кеткен адаммен кездесіп, төменге түскен. Сағат 02:45-те олар «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына жетті. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ», делінген құтқару қызметінің хабарламасында.