Футбол • 11 Тамыз, 2022

«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның «Реал Мадрид» командасы футболдан UEFA Суперкубогының биылғы иегері болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды

Финляндия астанасы Хельсинки қаласындағы «Олимпийский» стадионында өткен кездесуде испаниялық клуб Германияның «Айнтрахт» командасымен кубокты сарапқа салды.

Кездесу барысында «Реал Мадрид» сапынан Давид Алаба 37-минутта есеп ашса, 65-минутта Карим Бензема қорытынды есепті белгіледі. Осылайша испаниялық клуб қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, кубокты жеңіп алды.

UEFA Суперкубогының басталғанына биыл тура жарты ғасыр толып отыр. Қазірге дейін «Реал Мадрид» аталған турнирде жеті мәрте бақ сынады. Оның 4-інде жеңімпаз атанса, 3-інде қарсыласына есе жіберді. Ал «Айнтрахт» аталған турнирге тұңғыш мәрте қатыспақшы.

Суперкубокты иелену жөнінен «Реал Мадрид» Испанияның «Барселона» және Италияның «Милан» командаларымен теңесті. Олардың әрбірінде бес-бестен кубок бар.

Жалпы, мұндай атаққа барлығы 24 команда қол жеткізді.