Әлем • 11 Тамыз, 2022

Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты

Байден Эндрюс әуе базасынан жұбайы Джилл, ұлы Хантер мен оның әйелі Мелисса Коэн және немересі Бомен бірге бір аптаға Оңтүстік Каролина штатындағы Киава аралына жол тартты. Курортты арал гольф алаңымен және жекеменшік жағажайымен танымал.

Жергілікті билік Киавада қауіпсіздіктің күшейгенін хабарлайды. Бұған дейін Байден екі апта бойы карантинде отырған еді.