90-ды алқымдаған қариялардың бірі Жүсіпов Ерденбай ақсақал /суретте оң жақта/ жасының ұлғайғанына қарамастан әлі күнге дейін саламатты өмір салтын ұстанатынын, күніне үш шақырым жаяу жүретінін, әлі күнге дейін басымен жерге тік тұру секілді дене жаттығуларын жасайтынын айтса, Иманмәлік Машрапов ақсақал Отанымызға тыныштық, береке-ынтымақ тілеп, Президентке деген шынайы алғысын білдірді.
Ленинград – бір кездері аудан орталығы болған елді мекен. Қазір осы аттас ауылдық округтің атын иеленеді. 5311 адам тұрады. Мәдениет нысандары, екі шағын орталық, кәсіптік-техникалық колледж, бірнеше сауда нүктелері жұмыс істейді. «Жаңабаев» жеке кәсіпкерлігіне жетекшілік ететін Бекайдар Жаңабаев былтыр агробанктің иесіз қалған ғимаратын қалпына келтіріп, кешенді сауда орталығына айналдырыпты. Ол үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жеңілдікті несие алып, 25 адамға тұрақты жұмыс тауып берген. Мұнда наубайхана, кондитер цехы, аяқ-киім жөндеу шеберханасы орналасқан. Жуырда пайдалануға берілген16 пәтерлі үй бірінші кезекте жетім балалар мен жас мамандарға берілген. Самат Сапарбекұлы 125 бүлдіршін тәрбиеленіп жатқан «Еркетай» балабақшасына соғып, тарту-таралғы жасады. Жылына 340 мың тонна кварц құмын өндіруге қауқарлы «Ақтөбе Глас» фирмасының жұмысымен танысты.
Аудандағы жұмыс сапарынан оралысымен облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген төралқа мәжілісіне қатысқан С. Ескендіров соғыс мүгедектері мен ардагерлерді толғантатын мәселелерді мұқият тыңдап алғаннан кейін Ұлы Жеңіске дайындық барысы жайлы жан-жақты хабардар етті. Кешенді іс-шараларда ардагерлердің әлеуметтік тұрмысын, өмір сапасын жақсарту жайына жеткілікті көңіл аударылған. Атап айтқанда, ескі үйлерде тұрып жатқан қарттар үшін келесі жылдан бастап 100 мың теңгеден жәрдемақы төленеді. «Жеңіс» саябағын жаңғырту жалғасын табады. Соғыс қаһармандарына арналып стелла орнатылады. Есімдері ескерткіш тақтаға жазылады. Көшелерге аттарын беру, ардагерлер үйін салу ұсыныстары да қолдау тапты.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Спортты дамыту дирекциясы Михаил Шайдоров жалақысына қатысты түсінік берді
Спорт • Бүгін, 21:29
Ресей Президенті 2027 жылы ЖИ арналған жоғары деңгейдегі кездесу өткізуді ұсынды
Саясат • Бүгін, 21:10
Президент: Қазақстан мемлекеттік басқаруда ақылды платформаларды сәтті енгізуде
Саясат • Бүгін, 20:43
Қазақстандықтар визасыз бара алатын елдер көбейді
Қоғам • Бүгін, 20:02
Астанада V Еуразия экономикалық форум басталды
Саясат • Бүгін, 19:32
Ұстаздықты жүрегімен ұғынған немесе «Білім беру ісінің үздігі» Әсия Исмағұлова туралы сөз
Руханият • Бүгін, 19:30
Аграрлық салада ядролық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалану жобасы іске асады
Шаруашылық • Бүгін, 18:45
Мұғалім – нарық сұранысындағы мамандық
Білім • Бүгін, 18:43
Президенттер Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті
Саясат • Бүгін, 18:40
ЕҰУ Ресейдің жетекші университеттерімен ынтымақтастығын кеңейтеді
Университет • Бүгін, 18:11
Әл-Фараби даңғылындағы апат: Кінәлі қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрады
Оқиға • Бүгін, 18:02