Теннис • 12 Тамыз, 2022

Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші, әлемнің 46-ракеткасы Юлия Путинцева Торонто WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты

Юлия Путинцева үшінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, америкалық Элисон Рискемен алаңға шықты.

Бірінші партияда Юлия Путинцева 6:3 есебімен қарсыласынан озды. Екінші сет барысында 2:5 есебімен ұтылып жатып, қатарынан бес геймді өз есебіне жазып,  7:5 есебімен жеңіске жетті.

1 сағат 37 минутқа созылған матчта Путинцева эйс жасап үлгермесе де, 8 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.

Қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, тағы бір америкалық Джессика Пегуламен таласады. Ол үшінші айналымда жарыстың өткен жылғы чемпионы, әлемнің 29-ракеткасы, италиялық Камила Джорджиді 3:6, 6:0, 7:5 есебімен жеңген еді.