Экология • 12 Тамыз, 2022

Бірқатар өңірде ауа сапасы нашарлады

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамандар 12 тамыз күні Қазақстанның бірқатар қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Бірқатар өңірде ауа сапасы нашарлады

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін Алматы, Ақтөбе, Петропавл және Атырау қалаларында атмосфералық ауа сапасы нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.