«Жүргізушінің әрекеті күдік туғызды. Оны медициналық тексеруден өткізу үшін ертіп барды, сараптама қорытындысы бойынша нарколог-дәрігерлер оның есірткіге мас болғанын анықтады. Жүргізуші бірден қоғамдық көлікті басқарудан шеттетілді. Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, сонымен қатар 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Қоғамдық көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», деді Әкімшілік Полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.
Сондай-ақ есірткіге масаң күйдегі жүргізушіні қатарға шығаруға рұқсат берген автокәсіпорынның медицина қызметкеріне қатысты ҚР ӘҚбК-нің 619-бабына сәйкес әкімшілік шара қолданылды. Автобус жүргізушісіне 150 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.