07 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №7/230

370 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2014 ж. 7 сәуір,  Астана қ. Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Респуб­ли­ка­сының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тар­мақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком) қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін. 2. Ортсайлауком аппаратының заң бөлімі (Е.Г. Холмецкая) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Ортсайлауком аппаратының ұйымдастыру-талдау бөлімі (Г.Б. Кулеш) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Төраға  Қ.Тұрғанқұлов Хатшы  Б.Мелдешов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 7 сәуірдегі № 7/230 қаулысымен бекітілген Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі 1. Тегі 2. Аты 3. Әкесінің аты (егер болса) 4. Туғаны туралы деректер: туған күні және жері 5. Жынысы 6. Білімі туралы деректер 7. Әлеуметтік мәртебе 8. Тұрғылықты жерінің мекенжайы 9. Азаматтығы туралы мәліметтер 10. Жеке сәйкестендіру нөмірі 11. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (құжаттың атауы, құжаттың нөмірі, құжаттың берілген күні, құжаттың қолданылу мерзімі, құжатты берген орган) 12. Жеке басын куәландыратын құжаттардың жарамсыз болу, жойылу себептері туралы мәліметтер 13. Қайтыс болған күні 14. Сайлаушының мәртебесі 15. Сайлау учаскелері туралы мәліметтер (учаскенің нөмірі, мекенжайы және орналасқан жері) 16. Сайлау комиссиялары туралы мәліметтер (комиссияның деңгейі, комиссия мүшелерінің құрамы) 17. Сайланбалы лауазымға кандидаттар, сайланбалы лауазымға сайланғандар және бұрын сайланбалы лауазымдарда болғандар туралы мәліметтер (жұмыс орны, лауазымы, телефоны, мамандығы бойынша білімі, кәсіп тобы, партияға қатысы (егер болса), ұсыну нысаны)
Соңғы жаңалықтар