Спорт • 12 Тамыз, 2022

Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық таэквондошы Жансель Дениз Түркияда өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды

Ол 73 килодан жоғары салмақ дәрежесінде үшінші болды. Бірінші орынды Узунчавдар Суде (Түркия) иеленді. Екіншісін Ливаннан келген Селман Вард алды. Иорданиялық Рама Або-Алруб Жансель Денизбен тұғырдың үшінші сатысын бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 54 килоға дейінгі салмақта Жасұрбек Клычов қоланы медаль жеңіп алған болатын.