Қоғам • 13 Тамыз, 2022

Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот 5 қыркүйекте жалғасады

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 5 қыркүйекте қайта жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот 5 қыркүйекте жалғасады

Сотта куәгерлер Атырау қалалық мәдениет және спорт бөлімінің есеп және есептеу бөлімінің меңгерушісі Лиза Укешова мен Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жексенбай Фазуловтың жауабы тыңдалды. Олардан өзге үш куәгер белгісіз себептермен сот процесіне келмей қалды.

Енді соттың келесі отырысы 5 қыркүйекте жалғасады.

Еске сала кетейік, Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнатуға бөлінген қаражаттан пара алды деген күдікке ілінген. Ол былтырғы желтоқсан айында ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

Сотта Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлім етті. Оның ісіне қатысты айыптау актісі 55 бетті құраған.

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025