Футбол • 13 Тамыз, 2022

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының алтыншы туры басталады

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңінің алтыншы туры басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының алтыншы туры басталады

Алтыншы тур ойындары 13 және 14 тамыз күндеріне белгіленген.

Бүгін А тобында 21:00-де «Қайрат» (Алматы) және «Атырау» командалары кездессе, «Ақсу» (Павлодар облысы) және «Ордабасы» (Шымкент) шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, В тобында 19:00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Ақжайық» (Орал), С тобында «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Тараз» командалары жасыл алаңға шығады.

Ал 14 тамызда 18:00-де D тобында «Жетісу» (Талдықорған) мен «Тұран» (Түркістан), 19:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан), 21:00-де С тобында «Ақтөбе» мен «Тобыл» (Қостанай), В тобында «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) ойындары басталады.