Ауа райы • 15 Тамыз, 2022

Қазақстанның басым бөлігінде күн ыстық болады

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 15 тамызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанның басым бөлігінде күн ыстық болады

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында қатты ыстық болады.

Күндіз Маңғыстау, Алматы облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, Жетісу облысында қатты ыстық күтіледі. Қызылорда облысында, Түркістан облысының шығысында, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жетісу облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.