Оқиға • 15 Тамыз, 2022

БҚО-да мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы тоқтатылды

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қомақты көлемдегі мұнай өнімдері заңсыз айналымының жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы тоқтатылды

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында кәсіпорында 2022 жылдың шілде айынан бастап ҚР мұнай өңдеу зауытының өндірістік төлқұжаты болмағаны анықталды. Міндетті рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан, ЖШС мұнай өнімдерін заңсыз өндіруді, сақтауды, өңдеуді және тасымалдауды жалғастырды.

Дер кезінде жүргізілген шаралар 3,5 мың тоннадан астам мазут, теңіз отыны мен нафтаның басқа да мұнай өнімдерінің түрін ел аумағынан тыс жерлерге заңсыз шығарудың жолы кесілді.

Аталған факт бойынша тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», делінген ресми хабарламада.

Ведомство мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау фактілері анықталған жағдайда, агенттіктің сенім телефондарына және ҚМА аумақтық департаменттеріне хабарлауды сұрайды.

 

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35