«Бүгін таңғы сағат 4:00 шамасында 102 пультіне «Март» сауда орталығының күзетшісінен қала орталығында белгісіз жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасағаны туралы хабарлама келіп түсті.
«Мерседес» көлігі қала орталығындағы орындықтарға, қоқыс жәшіктеріне және жарық бағандарына соғылған. Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші нөмірлерін шешіп алып, қашып кеткен», деп жазылған хабарламада.
Қазір жүргізуші қамауға алынды. Осы факті бойынша 610-баптың бірінші бөлігі және 611-бабының екінші бөлігіне байланысты әкімшілік іс қозғалды.